АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында шекарадан есірткі алып өтпек болған жолаушыны ұстады, деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаменті.
52 жастан РФ азаматынан 17,308 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Ер адам Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан есірткі алып өтпек болған. Алайда ол Астана – Мәскеу бағдарлы әуе рейсі ұшар алдында жүргізілген жедел-профилактикалық шаралар барысында ұсталды.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлімі "Айналымнан алынып тасталған заттар немесе айналымы шектеулі заттар контрабандасы" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Есірткінің бұл түрін тасымалдағаны үшін ресейлік 5 мың АЕК айыппұл төлеуі мүмкін немесе бес жылға бас бостандығы шектеледі немесе айырылады.