Саясат

Назарбаев Nokia басшысымен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаНазарбаев Nokia басшысымен кездесті
Назарбаев Nokia басшысымен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Финляндия телекоммуникация компаниясының басшысы атап өткендей, Назарбаев – цифрландырудың маңызын түсінетін мемлекет басшыларының бірі

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nokia Corporation" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде Әсем білім беру және таным орталығында болды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе жастарына өз ақылын айтты

Елбасы Финляндия астанасы Хельсинкиге келгеннен кейін фин телекоммуникация компаниясының басшысымен кездесті.

Мемлекет басшысы "Nokia" бренді әлемге телекоммуникация саласындағы жетістіктерімен кеңінен белгілі екенін атап өтіп, Қазақстанда бұл компания сенімді серіктес ретінде танылғанын айтты.

"Nokia" компаниясы 2007 жылдан бастап біздің елмен ынтымақтастық орнатып келеді. Бүгінде компанияның тауар айналымы 20 миллиард АҚШ долларына жетті", – деді Қазақстан президенті.

компания басшысына Қазақстанның өндіріс процесіне автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект әдістерін енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру міндетін қойып отырғанын айтып, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев ешқашан да бос сөзге үйір болған емес – мемлекеттік хатшы

Ристо Сииласмаа Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге мүмкіндік туғаны үшін ризашылығын білдіріп, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға зор қызығушылық танытты.

"Сіз дүние жүзіне өте танымалсыз әрі мемлекеттер басшыларының арасында технологиялық дамудың маңыздылығын түсінесіз. Сіздің цифрлық технологияларға зор мән беретініңізді білемін", – деді Ристо Сииласмаа.

Кездесу соңында тараптар байланыстың жаңа технологияларын, соның ішінде экономика салаларын цифрландыру және инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру барысында 5G стандартын енгізу мәселелерін талқылады.

Жаңалықтар
0