Оқиға

Астанада қонақ үйден ҰҚК қызметкерінің денесі табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековМәйіт
Мәйіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпарат берген жоқ. Мәйіт табылған қонақ үй басшылығы да ешқандай мәлімет бермеді

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Астанада "Аланда" қонақ үйінен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды.

Мәйіт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жантүршігерлік оқиға: көліктен бойжеткеннің бассыз денесі табылды

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесі 16 қазанда табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмапты.

"Басқа ақпарат тергеуге зияны тимес үшін хабарланбайды", – деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бұл оқиға жайында Telegram арналарының бірінде жазылған еді. Ол хабарламада 25 жастағы қызметкердің аузын скотчпен орап тастағаны айтылған. Қаза тапқан ер адамның әйелі берген мәліметке сүйенсек, күйеуі дүйсенбі күні кешке үйінен кетіп, сейсенбі күні таңертең қонақ үйден өлі күйінде табылыпты.

"Аланда" қонақ үйі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр, басшылық БАҚ-қа қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Жаңалықтар
0