Қоғам

Сыртқы істер вице-министрінің миы шайқалып, ауруханаға түсті

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары құлап, басынан зақым алған

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Астанада сыртқы істер вице-министрі көктайғақтан  зардап шекті.

Мұхтар Тілеуберді аяғы тайып құлап, миы шайқалып, ауруханаға түскен.

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

"СІМ басшысының орынбасары ауруханада емделіп жатыр. Әйелімен бірге отбасылық отырыстан қайтып келе жатады. Сенбіде, алғаш қар жауған күні болған. Аяғы тайып құлап, асфальтқа басын соғыпты", — деп мәлімет берді сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Тілеубердіге жедел жәрдемді әйелі шақырыпты. Вице-министрді ауруханаға жатқызған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен демалыста Қазақстанда алғашқы қар жауды, кей өңірлерде бірден еріп кетсе, біраз аймақты қар жамылғысы басып қалды.

сейсенбі күні де қар тоқтаусыз жауып тұр. Төтенше жағдайлар комитеті елорда мен еліміздің бірқатар өңірінде көктайғақ болады деп ескертті.

Жаңалықтар
0