Өңірлер

Түркістан облысында сәбидің бетіндегі дақ 3 келі ісікке айналды

CC0 / / Сәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас ана Гүлжан Пулатова сәбиінің басынан өтіп жатқан жантүршігерлік жағдай туралы айтып берді

ШЫМКЕНТ, 15 қазан — Sputnik. Түркістан облысында сәби бетіне шыққан қарапайым дақ 3 келі ісікке айналды. Сәбидің анасы осы уақытқа дейін ауруханаға жиі барып, дәрігерлерден тоқтаусыз көмек сұрағанын айтады. Сондай-ақ, ол бұл жағдайға дер кезінде қол ұшын созбаған ақ халаттыларды кінәлап отыр. Заңгер Асылхан Едресұлы да мұны балаға жасалған қылмыс деп есептейді.

Басында екі беті бар бала дүниеге келді - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Басында екі беті бар бала дүниеге келді
2017 жылдың 10 қарашасында Фәтима Әлиасқар Түркістан облысы Жетісай ауданында дүниеге келді. Туғанда бетінде қара дақ болған. Сол дақ бүгінде үлкен ісікке айналып отыр. Анасының айтуынша, дер кезінде ем жүргізбеген дәрігерлер мен қағазбастылықа салынған шенділер 8 айлық Фәтиманың ауруын асқындырып алуға себеп болған. 

"Балалар дәрігері сәбиімнің бетін сүртіп көрді. Бастапқыда "Бұл не дақ болды?" деп таңғалып жүрді. Кейін бала өзіне келіп, бетіндегі көкшіл дағы кете бастағанда оған "гемангиома" деген диагноз қойды", — деді жас ана КТК арнасының "Дау-дамайсыз" бағдарламасында. 

Гүлжан Пулатованың айтуынша, жүктілік мерзімі жеңіл өткен. Фәтиманы өзі босанып, екі тәуліктен соң ана мен бала аман-есен үйге шыққан. Араға 15 күн салып әйел сәбиінің бетіндегі дақтың көлемі үлкейіп келе жатқанын байқайды. Алайда ауыл дәрігерлері жолдама құжат әзірлегенше, тағы он күн өтеді. Құжаттар дайын болған соң алғаш рет облыстық ауруханаға алып келеді. 

"Шыңдасов Олжас есімді хирург маман қарады. Сол азамат "Қырқынан шыққан соң алып келіңіз" деп айтты. Бастапқыда ісік көзінің астыңғы бөлігін жапты. Мен сол жерде қорқып жылап жібердім. "Сәбиімнің көзі жұмылып барады. Өтініш, маған көмек беріңіз" деп сұрадым. Ол болса "Неменеге маған жылап тұрсыз? Ауру қылған мен бе? " деп өзіме ұрысты. 20-25 күннен кейін айтқан дәрілерін ішіп, ауруханаға қайтып келдік. Осылай төрт айға дейін жалғасты", — дейді Гүлжан Пулатова. 

Гемангиома дегеніміз – тері ішіне шыққан қызыл мең. Оны дер кезінде күйдіріп немесе дәрімен, екпемен емдеп алмаса, асқынып кетуі мүмкін. Әйел сәбиінің қандай ауруға шалдыққанын білу үшін өз бетімен іздене бастағанын айтады.

Инелер - Sputnik Қазақстан
Денесінен қыруар ине табылған сәби дәрігерлерді шошытты

"Не себепті балам бетіндегі қызыл дағымен ауруханаға жатуы тиіс? " деген оймен интернетті біраз ақтардым. Тіпті, youtube желісінен ауруларға қатысты түрлі видео қарай бастадым. Ұқсас аурулар көріп қалсам, олардың емделуі туралы іздейтін едім. (…) Ақырында дәрігерге баламды ауруханаға жатқызғым келетінін айтып жалындым. Жатқызбаған соң қайтып кеттік. Ақыры арада алты ай өтті", — деді әйел. 

Сондай-ақ, ол осы күнге дейін Алматы Астана және Ташкент профессорларының көмегіне де жүгінгенін айтты. Баласын уайымдаған Гүлжан Пулатованың омырау сүті тартылып қалған. Соңында алты айлық баланың салмағы алты, ал бетіндегі ісіктің салмағы үш килограмға жеткен. Отандық заңгер Асылхан Едресұлы мұның балаға қатысты жасалған қылмыс екенін айтады. 

"Бұл жас сәбиге жасалған қылмыс деп есептеледі. Өйткені қазақта "Ауруын жасырған өледі" деген аталы сөз бар. Бұлар сәбиді емдеудің орнына шешесін қорқытып келген. Керісінше олар "Бетін мына нәрсемен сүрт" деп шұғыл әс-әрекет қолданулары керек еді. Бүгінгі күні бала мүгедек болып отыр. Осыған байланысты баланы бірінші қараған дәрігер және осы жердегі маман қылмыстық жауапкершілікке тартылулары тиіс. Бұл осындай жағдай екінші рет қайталанбауы үшін жасалуы тиіс", — деді заңгер.

Бүгінде Фәтиманы жол шаршатқан. Себебі Асықата мен Шымкенттің арасы – 500 шақырым. Оның үстіне жаз бойы аптапты көтере алмаған сәбидің ыстығы жиі көтеріледі. Соңғы үш айда олар Шымкент облыстық аурухана жанынан пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Жаңалықтар
0