Спорт

Брук өзінің Головкинмен жекпе-жегіне қатысты тосын мәлімдеме жасады

© AFP 2024 / ADRIAN DENNIS Келл Брук
Келл Брук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келл Бруктің пікірінше, ол іс жүзінде бірде-бір рет ұтылған емес, жеңілістеріне жарақаттары себеп болған

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Британиялық Келл Брук кәсіпқой бокстағы жеңілістері жайлы айта келе, ешкім күтпеген мәлімдеме жасады.  

Әли Ахмедов, қазақстандық боксшы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ боксшысы қарсыласын 1-раундта сұлатып, чемпиондық белбеуді иеленді — видео

Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Эррол Спенстен жеңілгеніне күмән келтірді. Айтуынша, ол бұл жекпе-жектерді одан әрі жалғастырғысы келген, кездесулерді тоқтатуға сүйектің сынып кетуі себеп болған, деп жазды Sports.kz. 

"Ойда жүрген көптеген жекпе-жек бар. Орта салмақта Кит Турман мен Мэнни Пакьяомен жұдырықтассам деймін. Сондай-ақ реванш алғысы келсе, Шон Портермен айқасуға болады", — деп атап өтті Келл.

"Мен тіпті жеңілген емеспін. Жеңілістерім сүйектің сынуымен байланысты, сондықтан іс жүзінде мен бірде-бір рет жеңілген жоқпын. Сол кезде шынымен де жеңілдім бе? Рингте соңына дейін баратынымды бәрі біледі. Мені жеңу үшін шын мәнінде мықты жігіт болу керек", — деп мәлімдеді Брук.

     

Британиялықтың сөзін әрқалай түсіндіруге және қабылдауға болады, бірақ жекпе-жектердің нәтижесі тек боксшылардың ерік-жігері мен құлшынысы ғана анықтамайтынын айтпай кетуге болмас. 


Жаңалықтар
0