Әлем

Жолаушылар мінген ұшақ мұхитқа құлады

© Sputnik / Виталий Аньков / Фотобанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сенбі күні кешке ұшақ сынықтары мен бір жолаушының денесі табылды

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ Атлант мұхитына құлады. Ұшақ бортында үш жолаушы болған. 

Әуе диспетчері Антониус Гунаван Агунгтың мәйітін алып бара жатыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұшақ диспетчері жүз жолаушыны құтқарып, өзі өлді
Нью-Йорк штатының оңтүстігінде үш жолаушы мінген жеңіл моторлы ұшақ Атлант мұхитына құлады. 

Қайғылы оқиға сенбі күні күндіз болған. РИА-Новости ақпаратынша, Коннектикуттан ұшып шыққан Piper PA-34 ұшағы Лонг-Айленд аралынан 1,5 шақырым қашықтықта суға құлаған. 

Жағалау күзеті қызметкерінің айтуынша, сенбі күні кешке ұшақтың сынығы мен бір жолаушының денесі табылды.

Жаңалықтар
0