Әлем

"Маған бәрібір". Трамптың әйелі киген киімі үшін жұрттың сөзіне қалды

© AP Photo / Evan VucciМеланья Трамп
Меланья Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Меланья Трамп балалар орталығына "Маған бәрібір. Ал сізге?" деген жазуы бар жасыл күртке киіп барған

АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп "Маған бәрібір. Ал сізге?" деген жазуы бар күрткені не үшін кигенін түсіндірді. 

АҚШ президенті Дональд Трамптың әйелі Техастағы иммигрант балалардың орталығына барарда үстіне "Маған бәрібір. Ал сізге?" деген жазуы бар күртке кигені үшін желі қолданушыларынан біраз сын естіді. Меланьяның жасыл киіммен түскен суреті интернетте таралып кеткен. Осыдан кейін Американың бірінші ханымы күрткені қандай мақсатпен кигенін түсіндіруге мәжбүр болды, деп жазады life.ru.

Меланья Трамп күйеуін ыңғайсыз жағдайда қалдырды - Sputnik Қазақстан
Меланья Трамп күйеуін ыңғайсыз жағдайда қалдырды
"Бұл күрткені балалар үшін кимегенім анық. Мен оны ұшаққа кіру үшін және шығу үшін кидім. Бұл мені сынайтын адамдар мен кейбір БАҚ үшін жасалды", — деді Меланья ABC News басылымына берген сұқбатында. 

Меланьяның айтуынша, бұл әрекеті арқылы ол сынға мән бермейтінін көрсеткісі келген. 

"Бұл өзіндік бір үндеу десем де болады. Жұрт менің не кигеніме емес, істеп жатқан жұмыстарым мен бастамаларыма мән бергенін қалаймын", — деді ол.

Жаңалықтар
0