Әлем

Қытайдың 25 мың тұрғыны үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуҚытайлықтар
Қытайлықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тибет өңірі мен Сычуань провинциясындағы ірі лай көшкіні салдарынан елді мекендерді су басу қаупі төніп тұр

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Қытайдың билік өкілдері Тибет автономды ауданы мен Сычуань провинциясынан 24,5 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Ірі лай көшкіні Цзиньша өзенін бөгеп, салдарынан су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

Даланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғасыр соңына қарай Қытайдың солтүстігінде халық жаппай қырылуы мүмкін

Жұма күні кешке басқарманың бұйрығымен зардап шеккен аудандар мен Сычуань провинциясындағы қауіп төніп тұрған аудандардан 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды, ал Тибет автономды ауданында – 13,6 мың адам.

Лай көшкіні бейсенбі күні Янцзы өзенінің жоғарғы жағынан  басталып, Тибет пен Сычуань шекарасында Цзиньша өзенінің арнасын бөгеп тастады, көпірлер мен зауыттардың қирауы салдарынан кей елді мекендерге апартын жолдар жабылып қалған. Сонымен бірге бөгет көлі де жабылып, салдарынан су деңгейі көтерілді. Билік өкілдері тапсырма бергендей, су деңгейі туралы мәлімет әр он минут сайын хабарланып отыр.

Су деңгейінің көтерілуі салдарынан зардап шеккен аудандарда біршама үй мен ғимарат қирады.

Құтқарушылар зардап шеккен аудан тұрғындары мен эвакуацияланған халыққа қажетті заттарды, ас-су мен дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізіп жатыр.

Жаңалықтар
0