Өңірлер

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

Жазылу
Көл жағасынан ер адамның көлігі мен құжаттары табылды

КӨКШЕТАУ, 13 қазан – Sputnik. Ақмола облысында құқық қорғау органдары, құтқарушылар мен еріктілер осымен үшінші тәулік жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр. 

балық, архив - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тістері адамдікі секілді балық жұртты шошытты – видео
39 жастағы Александр Викторович Петрухиннің жоғалып кеткені туралы хабар Бурабай АІІБ-ге 11 қазанда түскен. Туысқандарының айтуынша, Петрухин 10 қазан күні Бурабай ауданына Ақылбай ауылының маңындағы Кіші Шабақты көліне балық аулауға кеткен. Отбасы кешке қарай онымен байланысқа шыға алмаған. Келесі күні туысқандары полицияға жүгінген. 

Ер адамды іздеуге Бурабай АІІБ жеке құрамы жұмылдырылды. Арнайы іздеу топтары құрылды. Петрухиннің автокөлігі су қоймасының жағасынан табылған. Көліктің ішінде ер адамның құжаттары болған. 

Қазіргі таңда іздеу шаралары жалғасып жатыр, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен еріктілер де тартылды. 

 

Жаңалықтар
0