Таңдай қақтырар фантастика, қайталанбас шедевр! Әлемнің түпкір-түкпіріндегі осы бір әсем жерлер туристерді еріксіз баурап алады. Чилидегі мәрмәр үңгірлер, Памуккаледегі аппақ қабырғалар, Исландиядағы көкпеңбек лагуна – адам өмірінде тым құрығанда бір рет көруі тиіс таңғажайып жерлердің бір бөлігі ғана.
Алысқа сапар шегуге әлі дайын емес болсаңыз, тұмса табиғат көріністерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.
Тағы оқыңыз: Жойқын дауыл Қытайдың астан-кестеңін шығарды
© Depositphotos.com / NaticastillogЧилидегі мәрмәр үңгірлер күлгін түстен ашық көгілдір түске дейін мың құбылып, көздің жауын алады. Сол себепті мұнда жылма-жыл келетін туристер саны еш толастаған емес. Табиғи лабиринт Хенераль көлінде орналасқан.
1/13
© Depositphotos.com / Naticastillog
Чилидегі мәрмәр үңгірлер күлгін түстен ашық көгілдір түске дейін мың құбылып, көздің жауын алады. Сол себепті мұнда жылма-жыл келетін туристер саны еш толастаған емес. Табиғи лабиринт Хенераль көлінде орналасқан.
© Fotolia / GigiPeisСолтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы қатар-қатар орналасқан 40 мыңдай базальт колоннасынан тұрады. Ертегідегі дәудің соқпағын елестетін бұл жер туристер арасында өте танымал. Айрықша жол бағзы заманда жанартау атқылауынан кейін пайда болыпты.
Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы қатар-қатар орналасқан 40 мыңдай базальт колоннасынан тұрады. Ертегідегі дәудің соқпағын елестетін бұл жер туристер арасында өте танымал. Айрықша жол бағзы заманда жанартау атқылауынан кейін пайда болыпты.
© Sputnik / Anton Denisov / Медиабанкке өтуРесейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар алыстан менмұндалайды. Жартастарға жету үшін әуелі қайықпен жүзіп барып, әрі қарай үш шақырым жоғары көтерілуге тиіссің.
Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар алыстан менмұндалайды. Жартастарға жету үшін әуелі қайықпен жүзіп барып, әрі қарай үш шақырым жоғары көтерілуге тиіссің.
© Sputnik / Alexei Danichev / Медиабанкке өтуТүркияның Памуккале геотермальды бұлақ бастарында орналасқан әппақ қабырғалар – табиғаттың сыры ашылмаған жұмбақ жерлерінің бірі. Температурасы 36 градус табиғи ваннаға шомылу әркімге арман.
Түркияның Памуккале геотермальды бұлақ бастарында орналасқан әппақ қабырғалар – табиғаттың сыры ашылмаған жұмбақ жерлерінің бірі. Температурасы 36 градус табиғи ваннаға шомылу әркімге арман.
CC0 / / Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы баспалдақтан айнымайды. Биіктігі шамамен 40 метр.
Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы баспалдақтан айнымайды. Биіктігі шамамен 40 метр.
CC BY-SA 2.0 / Christian Frausto Bernal / Parque Nacional Islas MarietasМексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай – қолдан жасалған ландшафттардың бірі. Кезінде бұл жерде сынақ жүргізіліп, бомбалар жарылған. Табиғаты сұлу аралда көптеген өзгерістер болды, табиғаттан асқан шебер жоқ шығар, сірә. Уақыт өте келе жартастардағы ойықтар үлкейіп, Мексиканың ғажайып жағажайларының біріне айналып отыр.
Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай – қолдан жасалған ландшафттардың бірі. Кезінде бұл жерде сынақ жүргізіліп, бомбалар жарылған. Табиғаты сұлу аралда көптеген өзгерістер болды, табиғаттан асқан шебер жоқ шығар, сірә. Уақыт өте келе жартастардағы ойықтар үлкейіп, Мексиканың ғажайып жағажайларының біріне айналып отыр.
© AFP 2024 / Aris MessinisКоринф арнасының қабырғаларының биіктігі 76 метрге жетеді. Эгей және Ион теңіздерін қосатын арна салу туралы гректер көне замандардан бері армандаған. Алайда бұл жоба XIX ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Қазір ірі кемелер бұл арнамен жүзе алмайды, есесіне биік құздан секірушілер мен басқа да экстремалды спорт түрлеріне таптырмайтын орын болды.
7/13
© AFP 2024 / Aris Messinis
Коринф арнасының қабырғаларының биіктігі 76 метрге жетеді. Эгей және Ион теңіздерін қосатын арна салу туралы гректер көне замандардан бері армандаған. Алайда бұл жоба XIX ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Қазір ірі кемелер бұл арнамен жүзе алмайды, есесіне биік құздан секірушілер мен басқа да экстремалды спорт түрлеріне таптырмайтын орын болды.
© AFP 2024 / Joel SagetКөгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл. Табиғи бассейндегі судың температурасы ең суық мезгілдің өзінде 37-40 градустан төмендемейді.
8/13
© AFP 2024 / Joel Saget
Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл. Табиғи бассейндегі судың температурасы ең суық мезгілдің өзінде 37-40 градустан төмендемейді.
© Photo : Public domainҚытайдағы "Аспан қақпасы" атты табиғи арка жер сілкінісі салдарынан біздің дәуіріміздің 260 жылы пайда болған. Бұл "терезеден" түскен жарыққа шомылу үшін, 999 баспалдақты басып, жоғары көтерілуге тиіссің.
Қытайдағы "Аспан қақпасы" атты табиғи арка жер сілкінісі салдарынан біздің дәуіріміздің 260 жылы пайда болған. Бұл "терезеден" түскен жарыққа шомылу үшін, 999 баспалдақты басып, жоғары көтерілуге тиіссің.
CC BY-SA 4.0 / Larry D. Moore / Swimming in Jacob's Well (cropped photo)Халық арасында Иаков бұлағы деген атқа ие су түбіндегі үңгір әлемдегі ең әсем жерлердің біріне жатады. Бірақ сұлулығының астарында "тылсым күш" жатыр. Кей сүңгуірлер осы үңгірге аттанып, сол беті оралмаған. Су түбіндегі карстық шұңқырларда адамның адасып кетуі оп-оңай.
Халық арасында Иаков бұлағы деген атқа ие су түбіндегі үңгір әлемдегі ең әсем жерлердің біріне жатады. Бірақ сұлулығының астарында "тылсым күш" жатыр. Кей сүңгуірлер осы үңгірге аттанып, сол беті оралмаған. Су түбіндегі карстық шұңқырларда адамның адасып кетуі оп-оңай.
© AFP 2024 / Indranil MukherjeeАвстралияның оңтүстік-шығыс жағалауындағы әктас жартастары Порт-Кэмпбелл ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат көрінісі туристер үшін тартымды жерлердің біріне айналды.
11/13
© AFP 2024 / Indranil Mukherjee
Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауындағы әктас жартастары Порт-Кэмпбелл ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат көрінісі туристер үшін тартымды жерлердің біріне айналды.
CC BY 2.0 / Damien Dempsey / WhitehavenКөздің жауын алатын әсем жағажай тылсым ерекшелігімен туристердің үрейін туғызуы әбден мүмкін. Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайының құмы аптап ыстықта да сәл ғана жылы температурасын сақтап тұрады. Құм түйіршіктерінің құрамындағы кремний диоксиді фотоаппараттар мен видеокамераларға зиянын тигізеді.
Көздің жауын алатын әсем жағажай тылсым ерекшелігімен туристердің үрейін туғызуы әбден мүмкін. Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайының құмы аптап ыстықта да сәл ғана жылы температурасын сақтап тұрады. Құм түйіршіктерінің құрамындағы кремний диоксиді фотоаппараттар мен видеокамераларға зиянын тигізеді.
CC BY-SA 2.0 / Kristina D.C. Hoeppner / Split Apple Rock (1)Пішіні шар тәріздес, диаметрі алты метрден асатын, қақ ортасынан бөлінген гранит жартас Тасман теңізінің жағалауында орналасқан. Қиялшыл жандар бұл мекенді махаббат дастанымен байланыстырады, сондықтан үйлену тойының фотосессиясын түсіруге ең танымал жерлердің бірі болып саналады.
Пішіні шар тәріздес, диаметрі алты метрден асатын, қақ ортасынан бөлінген гранит жартас Тасман теңізінің жағалауында орналасқан. Қиялшыл жандар бұл мекенді махаббат дастанымен байланыстырады, сондықтан үйлену тойының фотосессиясын түсіруге ең танымал жерлердің бірі болып саналады.