АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге тыйым салды.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдың 12 қазанынан бастап Қазақстан Республикасына Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізеді", — делінген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Мұндай шара көрші мемлекеттің аумағындағы аса қауіпті мал аурулары бойынша туындаған қолайсыз ахуалмен байланысты.
Шектеуге бес қырғызстандық кәсіпорын ілікті: "Риха", "Кантский хлебзавод", "Баркад", "Салих ЛТД", "Адал-Азық" компаниялары.
Тағы оқыңыз: Қырғызстандық киім-кешектен улы зат табылды
Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай, 2012 жылдан бері Қырғызстанның тағы төрт кәсіпорнына уақытша шектеу енгізілген.
Еске сала кетсек, Қырғызстан Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге тыйым салған болатын. Қазақстан тарапы екі өңірден құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге шектеу қоюды заңсыз шешім деп санайды.
Тағы оқыңыз: Қырғызстаннан әкелінетін қауіпті азық-түлік