АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жектен кейін болған оқиғаны еске түсірді.
Хабиб қарсыласын тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін төртбұрыштан қарғып түсіп, Макгрегордың командасындағы адаммен төбелесіп кеткен болатын.
"Жекпе-жек өтіп жатқанда Макгрегордың бапкері маған қарай не деп айқайлағанын естіген жоқпын. Қатты шу болып жатты. Дегенмен оның түрінен бәрін түсіндім. Оны бұрын да естіген едім. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар менің ойымдағының бәрін растады. Қасында журналистер тұрған, олар бәрін естіп, жазды.
Ол мұсылман мақұлық деп және сол сарында бірдеңелерді айтып айқайлады. Қайталағым келмейді. Ол мүмкін емес.
Путин Нурмагомедовті қабылдап, жекпе-жек жайлы пікірін білдірді – видео
Ештеңеге өкінбеймін. Жасағанымның бәрін қайта жасаушы едім. Тек ол кезде жекпе-жек ұзағырақ жалғасуы мүмкін… Аяусыз соққының астына аламын! Дегенмен онсыз да бәрі ойдағыдай өтті. Ол аяушылық танытуымды өтінді", — деп Коммерсантъ Нурмагомедовтің сөзінен үзінді келтірді.