Қоғам

Ақтауда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

© Sputnik / Табылды КадырбековӘскери қызметкерлердің архивтегі фотосы
Әскери қызметкерлердің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды Алдын ала деректер бойынша марқұмның өз-өзіне қол жұмсауына әскери қызметі себеп болмаған

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады.

Белдік ұстап тұрған сарбаздың суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандыда жас сарбаз өлі күйінде табылды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға болған жерде ҚР Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өз-өзіне қол салудың мән-жайы анықталуда. 

"Алдын ала деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Қосымша ақпарат тергеп-тексеру шаралары аяқталған соң белгілі болады", — деп жазылған хабарламада. 


Жаңалықтар
0