Спорт

Қарсыласын нокаутпен жеңген Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазанның 7-сі күні Батыр Жүкембаев кезекті қарсыласын нокаутқа жіберіп, кәсіби карьерасында он төртінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет нокдаунға түскеннен кейін бокстан уақытша шеттетілді. Ол бірінші раундта нокдаунға түскеніне қарамастан қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңіске жетті, деп хабарлайды сайты.

Батыр Жүкембаев Косми Ривераны жеңді - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді - видео

Канаданың Квебек провинциясының бокс комиссиясы қазақстандық Батыр Жүкембаевты уақытша бокстан шеттету туралы шешім қабылдады.

Бұл шеттету боксшының алған жарақатынан кейін қалыпқа келіп алуы үшін жасалды. 27 қазаннан бастап Батыр Жүкембаев қайтадан шаршы алаңда жұдырықтаса алады. Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 24 қараша күні Канаданың Римуски қаласында өтеді. Алайда боксшының қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Жүкембаев соңғы рет 7 қазан күні жұдырықтасты. Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде қарсыласы мексикалық Патрисио Морено болды.

Осы жекпе-жек барысында қазақстандық алғашқы раундта нокдаунға түскенімен, жетінші раундтың соңына қарай қарсыласын нокаутқа жіберді. Бастапқыда бұл жекпе-жекте бос тұрған WBC International белбеуі тігілетіні туралы айтылған-ды. Алайда кейін ұйым бұған рұқсат бермеді.

Жаңалықтар
0