Экономика

Ұлттық банк қазақстандықтарға долларға қатысты кеңес берді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДоллар, архивтегі фото
Доллар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың 5-7 қыркүйегі аралығында Ұлттық банк 520,6 миллион АҚШ долларын сатты

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. ҚР Ұлттық банкі айырбастау бағамының құбылмалы жағдайында валюта сатып алуды тоқтата тұруға кеңес берді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк теңге бағамы неліктен ауытқып жатқанын түсіндірді

"Ұлттық банк халыққа және ұйымдарға шетел валютасына аса қатты қажеттілік болмаса, айырбастау бағамы құбылмалы болған жағдайда активтерді бір валютадан екіншісіне аударуды тоқтата тұруды ұсынады. Баға тұрақсыздығы кезінде валюта сатып алу жинаған ақшаны жоғалту тәуекелін арттырады", — деп ескертті қаржы реттеуші.

Ұлттық банктің мәліметінше, осы жылдың қыркүйегінде ішкі валюта нарығында ұлттық валютаның әлсіреуіне әкелген теңгерімсіздіктер едәуір күшейген.  Әлемдік нарықтардағы жағымсыз жаңалықтар шетел валютасына сұранысты ұлғайтты. 

Қыркүйектің басында ішкі валюта нарығына жағымсыз әсер еткен барынша маңызды сыртқы фактор геосаяси оқиғалардың әсерінен Ресей рублінің әлсіреуі болды. Девальвациялық болжамдардың күшеюін болдырмау үшін және ішкі валюта нарығын тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банк 2017 жылғы қазаннан бастап алғаш рет валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады. Мәселен, 2018 жылдың 5-7 қыркүйегі аралығында шетел валютасына ұсыныс болмаған жағдайда Ұлттық банк 520,6 миллион АҚШ долларын сатты.


Жаңалықтар
0