Қоғам

Стамбулда қаза болған қазақстандықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Жазылу
Түркия әуежайында көз жұмған қазақстандықтың денесі рейстік ұшақпен Астанаға жеткізілді

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Стамбул әуежайында қаза болған 37 жастағы қазақстандықтың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Стамбұл әуежайы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Түркияда құлап өлген қазақстандыққа қатысты жаңа деректер шықты

"Әйелі Стамбулға барды, біздің консулдар оған қажетті көмек көрсетті. Өлген адамның кім екені анықталып, келесі күні ер адамның денесі рейстік ұшақпен Астанаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Түркия полициясынан ақпарат күтеміз", — деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров апта сайынғы брифингте.

Оның айтуынша, қаза болған қазақстандықтың әйелі күйеуінің жеке өміріне қатысты қандай да бір ақпаратты жария етпеуді өтінген. 

Еске сала кетсек, 27 қыркүйек күні Стамбул әуежайында 37 жастағы қазақстандық екінші қабаттан құлап түсті. Түркиялық дәрігерлер оқиға орнына келгенмен, ер адамды ажалдан арашалап қала алмады. Қазақстан азаматы ауруханаға барар жолда көз жұмды.

 

Қаза болған Қазақстан азаматы Түркияға 26 қыркүйек күні ұшып келген. 

Шетелдік БАҚ Түркия әуежайында Қазақстан азаматы суицид жасады деп хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0