Спорт

Хабиб Нурмагомедовтің құпия өмірі – чемпион нені жасырып жүр?

© AP Photo / John LocherХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары Ольга Бузова шынымен Хабиб Нурмагомедовтың әйелі ме деп аң-таң. Ал бұл жалған болса, чемпионның сүйген жары кім?

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Спорттық мансабың арқасында атағы жер жарған спортшының жеке ғұмыры көпшілікке беймәлім. Ал Конор Макгрегорға қарсы жекпе-жек алдында британдық БАҚ өкілдері Хабиб Нурмагомедов пен атышулы "ДОМ 2" реалити-шоуының жүргізушісі Ольга Бузованы "үйлендіріп" жіберген еді.

Айғақ ретінде басылым олардың бірге түскен суретін жариялады. Олардың мәліметінше, ерлі-зайыпты Махачкалада тұрады, екі баласы бар.

Отбасылық өмірі

Спортшы шынымен де үйленген, екі баласы бар. Үйлену тойы 2013 жылы ырду-дырдусыз тып-тыныш өтті. Дәстүр бойынша, қалыңдықтың бет-жүзі жабық болғандықтан, интернетке шығып кеткен суреттерде ресейлік жұлдыз екенін ажырату мүмкін емес.

Желіде "Хабибтің әйелімен түскен суреті" деген тағы бір фото бар. Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша ол балуанның жиені екен. Айтпақшы, Дағыстан дәстүрі бойынша ер адам екінші әйел алуға құқылы.

Спортшының өзі отбасылық ғұмырын барынша жасырып келеді. Әлеуметтік желіде жекпе-жектері мен жаттығуларындағы қызықты сәттер, туған-туыстары және достарымен бірге түскен суреттер толып тұрса да, арасында өз отбасының бірде-бір фотосы немесе жанұясы жайлы жазған бірде-бір посты жоқ. Жас сәбимен түскен бір ғана суреті интернетте жүр. Біреу оны Хабибтің баласы десе, кей біреулер күмән келтіреді. Айта кетсек, сурет 2017 жылы 20 тамызда 1990 жылы туған Эсмира Гасанованың парақшасында жарияланған.

Хабибтың тойы 2013 жылы болды. 2015 жылы алғаш рет әке атанды – қыз бала өмірге келген. Ал 2017 жылы 30 желтоқсанда ұлы дүниеге келіп, сәбиді атасының құрметіне Магамед теп атады. Бұл туралы чемпион 2016 жылы негізін қалаған Eagles Team командасының Instagram-парақшасында хабарлаған еді. Екінші баласы туған кезде өзі Калифорнияда болатын.

Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін ринге "шығып кетті"

Естеріңізге сала кетсек, сол жылы 31 желтоқсанда ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегас қаласындағы UFC 2019 турнирі аясында бразилиялық Эдисон Барбозаны жеңген болатын. 29 жастағы Хабиб үшін бұл – 25 жекпе-жегіндегі 25-ші жеңісі еді.

Осы конференцияда шетелдік БАҚ өкілдері Хабибке сұрақ қойды: "Көпшілік сенің үйленгеніңді білмейді. Неге олай? Мұның бір себебі бар ма?".

Нурмагомедов ойланбастан жауап қатты: "Отбасымды БАҚ көздерінен және басқадан аулақ ұстағым келеді. Кейде БАҚ-тың пайдасы болатын шығар, бірақ жақсы жағы ғана бар деп айту қиын. Адамдар отбасымды, балаларымды аңдығанын қаламаймын. Бұл менің жеке өмірім. Түсінесіз бе? Бұдан шаршап кетемін. Сол үшін де отбасымды БАҚ-тан қорғауға тырысамын. Желіге мынау әйелім, бала-шағам деп пост жазғым келмейді. Оларды қорғағым келеді. Әкем мен анам қызым бар екенін біледі, ағам да бұл жайында хабардар, достарым да және атам да біледі деп ойлаймын. Сол жеткілікті".

Кей дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, жарысқа барғанда ер адам ешқашан әйелдері мен балаларын алып жүрмейді. Бұл тек қауіпсіздік мақсатында ғана емес, екінші жағынан жекпе-жек алдында ойының ешнәрсеге бөлінбегенін қалайтын көрінеді.

Сонымен бірге, Хабиб Нурмагомедовтың айтарлықтай діншіл адам екені көпшілікке мәлім. Шариғат заңдарын түгел орындап, намаз оқитын нағыз мұсылман. Ішімдік ішіп, темекі шекпейді әрі ойын-сауық орындарына баруды жөн санамайды.

Хабибтің чемпиондық жолы

Атап өтсек, Хабиб 1988 жылы Сильди атты дағыстандық ауылда өмірге келген. Кішкентайынан бастап Ресейдің еңбек сіңірген бапкері, күрестен спорт шебері Абдулманап Нурмагомедовтың қол астында жаттықты.

Нурмагомедовтің әкесі ұлын не үшін жазаламақ?

"Әке көрген оқ жонар" деп бекер айтпаса керек. 5 жасынан бастап күреспен айналысып, тоғыз жасында аюмен арпалысатындай дәрежеге жетті. Хабиб сұхбат берген кезде әкесінің таңертең де, кешке де жаттықтырғанын еске алады. Жаттығулары қиын болатын, әскери тәртіп қатаң сақталатын. Сонымен бірге, әкесі бүгін де чемпионға айналған жігітке үнемі мықты қарсылас тауып береді екен.

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
UFC Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгеннен кейін санкция қолданды

"Жігерім құм болар еді, немесе әрі қарай ынталандыра түсуге тиіс болатын. Сабақ оқығым келмейді дегенде, әкем сазайымды беретін. Айтқан сөзді түсінбесем, таяқ жейтінмін. Егер мені тәртіпке салмаса, бұзақы болуым да ғажап емес еді. Әкеңе немесе ағаңа өкпелеу ұят болып саналады. Сазайыңды тарттырса, соған лайық болдың деген сөз", — деп спортшы балалық шағын еске алады.

Нурмагомедов жиі айтып отырады: "Әлемдегі үздік балуандар неге біздің елден шығады? Өйткені бұрын біздің жеріміз соғыстан көз ашпайтын. Халқымыз өмір бойы шайқасып келді. Бұл біздің қанымызда бар". Алайда ұлыңыз әке жолын қуғанын қалайсыз ба деген сұраққа құптамайтынын айтады.

"Бәлкім, оның мықты балуан болғанын қалайтын шығармын, бірақ осы сынақтарың бәрінен өткенін қаламас едім. Бірден биікке көтерілсе жақсы болар еді".

Өткен демалыста Лас-Вегаста ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында жекпе-жек өтті. Ресейлік ирландиялықты төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы титулын қорғап қалды.

Жаңалықтар
0