АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Елордалық әуежайда жұлдыздар аттануы тиіс Астана — Атырау рейсі кешіктірілді.
Facebook желісінде Dmitry Lex есімді қолданушы жариялағандай, Scat әуекомпаниясының ұшағымен ресейлік Mband тобының әншілері, қазақстандық әртіс Әли Оқапов және басқа да отандық эстрада жұлдыздары ұшуы тиіс болатын.
"Стюардессалар бір ұшақта осынша көп жұлдызды көрмегендерін айтады. Солардың құрметіне ме, жоқ па, әйтеуір, біздің рейсті бір сағатқа кешіктірді. Ең қызығы, әдеттегідей кейінге қалдыра бастады, әуелі он минутқа, кейін тағы он бес минутқа", — деп жазды ер адам.
Ұшақ жолаушыларының атйуынша, техникалық себептерге байланысты рейс кешіктірілген болса керек.
Әли Оқапов instagram желісінде әуежайда ұйықтап жатқан суретін салды.
"Ешқайда ұшқан жоқпыз. Бізді ұшақтан түсіріп, рейсті үш сағат кейінге қалдырды, қонақ үйде ұйықтап, демалып шықсам да болар еді ғой", — деп жазады әнші.
Өткен аптада Air Astana әуекомпаниясы орындаған Алматы – Гонконг рейсінде әнші Төреғали Төреәлі шу шығарған болатын. Әртіс билестіз ұшаққа кіріп кетіп, салдарынан жиырма минут бойы мән-жай анықталған.