Қоғам

Windows 10 компьютердегі файлдарды жоя бастады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКомпьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жойылып кеткен файлдарды қалай қалпына келтіруге болады?

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Windows операциялық жүйесін жаңарту кезінде компьютердегі файлдар жойыла бастады. Бұл жайында MSPoweruser порталы хабарлады.

WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Әлем
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Порталдың жазуынша, Windows 10 (1809) жүйесін орнатқан кезде "Менің құжаттарым" бумасындағы файлдар жоғалып кетеді. Техникалық қолдау қызметіне шағымданған қолданушылар бұрынғы жүйеге қайтарып көрсе де, файлдардың қалпына келмегенін айтып отыр.

Бұл жайттың себебі деректерді автоматты түрде көшіруге жауап беретін OneDrive клиентінің жаңа функцияларының бірінің істен шығуы болуы мүмкін екен.

Ал кей қолданушылар жүйелік дискідегі windows.old бумасын ашып, жойылған файлдарды қайта алып шығуға болады дейді.

Жаңалықтар
0