Өңірлер

Жұмыссыздан компания басшысына дейін: Шымкенттен кімдер сенатор болмақ?

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ кандидаттар туралы ақпарат ала алады

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан парламентінің жоғары палатасына Шымкент қаласынан депутаттарды сайлау басталды. 

Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Қарызымыз бастан асады!" Депутат вице-министрдің сөзіне ашуланып кетті

Сайлау бір мезгілде сенат депутаттарының екі мандаты бойынша өткізіледі. 

Додаға алты үміткер қатысуда, олардың екеуін қалалық мәслихат ұсынса, төртеуі – өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Сенаторларды сайлауды президент Нұрсұлтан Назарбаев тағайындады. Маусым айында Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қала атанған болатын. 

Сенатқа депутаттар қалай таңдалады?  

Қазақстан парламенті екі палатадан – сенат пен мәжілістен тұрады. 

 Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен елордадан екі адамнан сайланады. 

Сенаторлардың бір бөлігін президент тағайындайды, ал бір бөлігін жанама сайлаушылар, яғни мәслихат депутаттары таңдайды.

Шымкенттен сенат депутаттығына кандидаттар 

Шымкент депутаттары қаланың бұрынғы басшысы Дархан Сатыбалды мен қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаровтың кандидатурасын ұсынды.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы туған, 22 жасында Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде екінші жоғары білім алды. 

© Sputnik / ИА Новости-КазахстанДархан Сатыбалды
Дархан Сатыбалды - Sputnik Қазақстан
Дархан Сатыбалды

Экономика ғылымдарының кандидаты 2013 жылдың мамырында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалып, екі жыл жұмыс істеді.

Бұрынғы әкім қазір жұмыссыз, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. 

Сенатта отыруы мүмкін тағы бір адам – Нұрлан Бекназаров. Ол әр жылдары "Санұр" компаниясының вице-президенті, "ТрансОйл" ұйымы басшысының орынбасары болды.

Бизнесмендер мен басшылар: сенатор болғысы келетіндер кімдер? 

Жұмыссыздар ғана емес, сонымен қатар компания директорлары да сенатор болғысы келеді. 

Шенеуніктер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бұл не деген сұмдық". Депутат Қазақстандағы шенеуніктер санын Жапониямен салыстырды

"Банк Центр Кредит" банкі Шымкент филиалының қызметтерді қолдау бөлімінің басшысы 35 жастағы Серік Алданов қажетті дауыс санын жинаудан үмітті.

"Global A."компаниясының 34 жастағы директоры Бижан Жылкелдиевтің де сенатор болғысы. Ашық дереккөздерде оның ұйымы немен айналысатыны туралы ақпарат жоқ.

Сенаторлыққа үміткерлердің қатарында Манкент шипажайы бас директорының орынбасары Ғани Қарабеков бар. Бір қызығы, 50 жастағы үш баланың әкесі "Қазақстанның 100 жаңа есімі" тізіміне енген.  

Қарабеков – Қазақстандағы алғашқы президенттік сайлаудың белсенді қатысушысы. Польшада Кеңес армиясы қатарында қызмет еткен жылдары парашют спортынан нұсқаушы болды.

Сенаторлық амбициясы бар тағы бір адам – "Шымкент сауда" ЖШС-нің 65 жастағы директоры Асқарбек Үркімбаев. 

Сайлаудың әділ өткізілетінін үйден шықпай-ақ қалай тексеруге болады?

Сайлаушылар орталық сайлау комиссиясының сайтында онлайн режимінде тіркеле алады. Орталық сайлау комиссиясының порталында дауыс беруге қанша адам келгені және алдын ала дауыс беру нәтижелері көрсетіледі.

Сондай-ақ, ресурсты пайдаланушылар кандидат туралы ақпарат ала алады.   


Жаңалықтар
0