АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының дамуына баға берді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы кезекті жолдауында ішкі мәселелерге ғана емес, республиканың сыртқы саясатына да тоқталды.
"Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз. Толыққанды интеграциялық құрылым әрі халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде Еуразия экономикалық одағы табысты жұмыс істеп келеді", — деді Назарбаев жолдау жасау кезінде.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығын лайықты деңгейде тәмамдайтынын, Астанада өтіп жатқан шаралардың Сириядағы мәселені шешуде табысты келіссөздер жүргізу форматына айналғанын айтып өтті.
Бұдан өзге президент Қытай, АҚШ және өзге де мемлекеттермен серіктестік қарым-қатынастың өрбитініне назар аударды.