Қоғам

Президент салық амнистиясын өткізуді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневЖолдау
Жолдау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Амнистия 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында шағын және орта бизнес үшін амнистия өткізуді тапсырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Назарбаевтың халыққа жолдауымен толығырақ мына жерде танысуға болады

Банкнота - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі
"Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 процентке азайту үшін пәрменді шаралар қабылдауы керек. Былайша айтқанда, бизнес жұмысын ақ парақтан бастауы үшін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын өткізуді тапсырамын", — деді президент Ақордада жолдауды жариялау барысында. 

Биыл президент Қазақстан халқына жолдауын әдеттегідей парламентте емес, Ақордада жариялады. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. 

Назарбаевтың бұған дейінгі жолдауы осы жылдың 10 қаңтарында жарияланған еді. Онда президент төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтқан болатын.


Жаңалықтар
0