Қоғам

"Сендерге басқа не керек?" Назарбаев әкімдерге ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЖолдау
Жолдау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент тұрғын үй бағдарламасын іске асыра алмай отырған үкімет пен әкімдерді сынады

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "7-20-25" бағдарламасының өңірлерде дұрыс іске аспай жатпай жатқаны үшін үкімет пен әкімдерге ескерту жасады, деп хабарлайдытілшісі.  

Мұғалім, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды

"Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына қуатты серпін беретін "Нұрлы жер" бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеміз.  Жаңа әлеуметтік ауқымды "7-20-25" бағдарламасын бастадық. Ол тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырады. Егер отбасында екі адам жұмыс істесе, онда олар оп-оңай ипотека алып, баспаналы бола алады. Бар болғаны 7 процент мөлшерлеме, қалғанын мемлекет өз мойнына алып отыр. Бастапқы жарна бұрын 50 процент болған, қазір 20 процент қана. Бұрын 10 жылда қайтару керек болса, қазір 25 жыл беріліп отыр. Шынын айтсам, бұл бұрынғымен салыстырғанда түк те емес", — деді Назарбаев Жолдауды жариялау барысында. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео

Президент бағдарламаның өңірлерде дұрыс іске аспай жатқанын атап өтті. 

"Мәселе бағдарламаның қалай іске асатынында. Қазір қанша өтінім түсті. Кім біледі?… Тек екі мың ғана. Сонда үй алғысы келетіндер жоқ па, әлде шарттары қиын ба?… Үкімет жұмыс істемейді, Бақытжан (премьер-министр Сағынтаев). Әкімдер жұмыс істемейді. Сендерге басқа не керек? Адамдардың өмірін жақсарту үшін сендерге басқа не керек?", — деп ашуланды мемлекет басшысы. 

Назарбаев әкімдерге ескерту жасады.

Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж

"Барлық әкімге ескертемін: 2019 жылы өз қызметтеріңде қаласыңдар ма, жоқ па оны осы бағдарламаның қалай жүзеге асқанына қарай шешеміз", — деді ол.


Жаңалықтар
0