Қоғам

Астанада науқастың басынан тепкен дәрігерге қатысты шешім қабылданды

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміржол ауруханасында үш жылдан бері жұмыс істейтін 26 жастағы дәрігер осы күнге дейін оғаш қылығымен көзге түспеген

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Астанада ауруханада науқасты соққыға жығып, этикалық нормаға жат әрекет жасаған дәрігер жұмыстан қуылмақ.  Бұл туралы Теміржол ауруханасының директоры Сергей Демочкин мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада дәрігер науқасты соққыға жықты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Күні кеше әлеуметтік желіде дәрігердің науқасты соққыға жыққан сәті түсірілген видео тарады. Аталған видеоға қатысты оқиға болған аурухананың дәрігері түсініктеме беріп, дәрігерге қатысты қандай шара қолданатынын айтты. 

"Қазіргі сәтте материалдар ішкі істер департаментінде. Аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тергеу де қолға алынды. Дәрігер этикалық норманы бұзғаны үшін жұмыстан қуылады. Осы орайда айта кетейін, пациенттердің жөнсіз қылық көрсетуі тәжірибемізде алғаш рет болып отырған жоқ", — деді Сергей Демочкин Теміржол ауруханасында өткен брифинг барысында. 

Науқасты соққыға жыққан 26 жастағы дәрігер аталған ауруханада үш жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін мұндай оғаш қылықтары байқалмаған. 

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Әлия Рүстемова бастапқыда неліктен бұл ақпаратты жоққа шығарғанын түсіндірді. Бұған тексеру жұмыстарының ұзаққа созылуы себеп болған екен.


Жаңалықтар
0