Саясат

"Некорректно!". Сағынтаев қарияларды көпсінген әкімдерді сойып салды

CC0 / Bernd Schray / Қарт адам, архивтегі фото
Қарт адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жалпы өлім-жітім республикалық көрсеткіштен жоғары

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жалпы өлім-жітім көрсеткішін қариялардың көптігіне ысыру жұмысқа деген  көзқарастың дұрыс емес екенін көрсететінін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой" Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында денсаулық сақтау мен медициналық қызметтің сапасын көтерудің өзекті мәселелері қаралды. Отырыс барысында айтылғандай, жалпы өлім-жітім көрсеткіші бойынша жеті өңір – Ақмола, ШҚО, СҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында республикалық көрсеткіштен жоғары. Ал ана өлімі бойынша көрсеткіш тағы жеті өңір –Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО, ШҚО және Астана қаласында республикалық деңгейден жоғары.

Сағынтаевтың айтуынша, осы аталған облыстарда 8 айдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштерін жыл соңына дейін орындау біраз қиындық тудырып отыр. Үкімет басшысы өлім-жітім көрсеткіші жоғары облыстардың әкімдерінен мұның себебін сұрады. Облыс әкімдерінің бірі жалпы өлім-жітімнің өсуін қариялардың көптігімен байланыстырды. 

"Көрсеткіштер бойынша әкімдер баяндап өтті. Өлім-жітімнің көбеюі қарттарға байланысты деп, бар мәселені соларға ысыра салу, орысша айтқанда, "некорректно". Біз өмір жасының ұзақтығын 73 жастан асырамыз деп отырмыз. Ал енді келіп, "қарттарымыз көп, сол себептен осындай жағдай болып қалды" деп ақталамыз. Бұл жұмысқа деген көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отырғандай", — деп сынады премьер-министр. 

Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа бірқатар тапсырма берді. 

Нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әдетке айналып бара жатқан сияқты". Сағынтаев Астана әкіміне ескерту жасады

"Елжан Амантайұлы, дәрілерді толық жеткізу, медициналық құралдармен және кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын бір жүйеге келтіру қажет. Сол себептен, әкімдерге бүгінгі жағдайды ескере отырып, жағдайды ретке келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырамын. Алдымен денсаулық сақтау нысандарын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет. Бұл жерде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік схемасын толыққанды пайдалануымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрігерлерді оқыту, емханалар мен ауруханаларды кадрлармен қамту, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын қабылдасын", — деп тапсырды үкімет басшысы.


Жаңалықтар
0