Қоғам

WhatsApp-та банкке қатысты ақпарат таратып, елді дүрліктіргендер анықталды

© Sputnik / Болат ШайхиновWhatsApp
WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған ақпаратты Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының азаматтары таратқан

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратқандарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телефон, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция балаларды ұрламақ болғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

Айта кетсек, WhatsApp мессенджерінде еліміздегі банктердің бірі дефолтқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Ішкі істер министрлігі ақпараттың жалған екенін анықтады. Қазір құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

"Жалған ақпаратты таратуға қатысы бар деген күдікпен Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының үш тұрғыны анықталды. Олар ақпараттың дұрыстығына көз жеткізбестен, банк саласының маманы болмаса да, хабарламаны WhatsApp-тағы топтарға таратқан", — делінген хабарламада. 

ІІМ азаматтарды жалған ақпараттарға сеніп қалмауға және күмәнді мәліметті  таратпауға шақырады. Бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған, деп ескертті ведомство.

Жаңалықтар
0