АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Атырауда күштеп жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен 24 жастағы қалалық ұсталды.
Жігіт өзімен интимдік хат жазысқан әйелдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, олардың арасында жас қыздар да болған, деп хабарлады "Ақ Жайық".
Полицияның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып, олардың кейбірінен жалаңаш түскен фотосуреттерін алған, сосын менімен жыныстық қатынасқа түспесең, хаттар мен фотосуреттерді Интернетте жариялаймын деп бопсалаған.
Қылмыскер осындай жолмен бір жылда бірнеше қызды құрығына түсіріп, пайдаланған, оның ішінде 18 жастағы студент пен 15 жасар оқушы да бар. Қыздар ата-аналарына бәрін айтып берген, ал олар құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Педофил Шалқиядағы анасының үйіне келіп, мектеп оқушысын зорлаған
Ұсталған жігіт тергеу абақтысына жабылды. "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.