Әлем

Ор қазып жатып, олжаға кенелді – желіде жарияланған видео елдің жағасын ұстатты

© AFP 2024 / HASSAN AMMARКүрек ұстаған ер адам
Күрек ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғыз ауылының тұрғындары су құбырын өткізуге арналған ор қазып жатып, алтынға ұқсас зат тапты

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстанның Ош облысы тұрғыны алтын тауып алғанын мәлімдеп, ауылдастарымен бөлісуге дайын екенін айтты.

Ер адам "қазынаға" тап болған видеоны желіде 150 мыңнан астам адам көрген. Желіде ролик "Да что вы знаете о везении" деген атпен таралыпты.

Sputnik Қырғызстан анықтағандай, ауыл тұрғынының тапқан қазынасы көк тиын да тұрмайды. Бұл алтын емес арақтың бөтелкесі болып шығыпты.

Жалпақ-Таш айылдық округының басшысы Кутман Эралиев айтқандай, видео бірнеше күн бұрын түсірілген. Жергілікті тұрғындар су құбырын өткізуге ор қазып жатыпты.

Жаңалықтар
0