АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Көлемі Лондондағы Биг Бен мұнарасымен бірдей алып астероид Жерге жақындап келеді, деп жазды Daily Express NASA ұйымына сілтеме жасап.
NASA мәліметіне сүйенсек, SP1 астероидтың ұзындығы – 70-160 метр аралығында (Биг Беннің биіктігі – 96 метр).
Ресейдің ғылым академиясы астрономия институты хабарлағандай, аспан денесі біздің планетамызға еш қауіп төндірмейді.
Ғылыми жетекші Борис Шутовтың сөзіне жүгінсек, астероид Жерге 5,87 миллион километрдей қашықтықта болады. Оның үстіне әуесқой астрономиялық құралдар арқылы аспан денесі көрінбейді екен.
Айдағы "адам бейнесінің" сыры неде?
Ай тұтылған соң адам өмірінде қандай өзгерістер болады — астролог жауап берді