Қоғам

Оғыз Доған қазақша сөйлемейтін роботпен ұрсысып қалды - видео

Жазылу
Атышулы қазақ тілінің жанашыры ЭКСПО аумағындағы музейде қазақша сөйлемегені үшін роботқа тиісті

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда тұратын Түркия азаматы Оғыз Доған ЭКСПО аумағындағы музейде роботпен "ұрсып қалды". 

Доған музей аумағындағы "Нұр Әлем" павильонында электрондық гидпен қазақша сөйлеспекші болады. 

Доған роботқа қазақша сұрақ қойып, жауап алмақшы болады. Ал робот әңгіме жанжалға ұласпауы үшін оған бірнеше рет "красавчик" деп, бұл жайтты жылы жаппақшы болады. 

"Мені мақтап керек емес. Қазақша сөйле, ұятың жоқ екен. Атыңды айт, мен сені сотқа беремін", — деп әзілдеді Доған. 

Оның айтуынша, видео екі күн бұрын жазылған. Музейге анасы мен інісімен барған. 

"Бұл Қазақстандағы қалыпты жағдай. Егер адамдар қазақша сөйлемесе, роботтардан не күтуге болады. Өткен жылы керемет көрме өткізді, павильонда технологияларды орыс тілінде таныстырды, ұят болды", — деп бөлісті ол ойымен тілшісімен. 

Казкоммерцбанк - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Qazkom-ды әдейі таңдаған едім". Оғыз Доған тіл үшін неге күресіп жүргенін айтты

Оғыз Доған Қазақстанда тіл мәселесін көтеріп, әлеуметтік желілерді жиі шулатады. Бұған дейін ол "Эйр Астана" әуе компаниясын мемлекеттік тілді сыйламайды деп айыптады. Одан кейін қазақстандық банктердің бірінде қазақ тілінде қызмет ала алмағанын видеоға түсіріп, қоғамдық резонанс тудырды. Кейін банк басшылығы одан кешірім сұрауға мәжбүр болды. 

Биыл сәуір айында Оғыз Доған жас қызды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

Жаңалықтар
0