Өңірлер

Назарбаевқа Түркістан қаласын дамыту жобасын көрсетті

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Түркістанның жаңа әкімшілік орталығының аумағын аралап көру барысында мемлекет басшысы мемориалды тас қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда. 

Түркістан қаласының даму перспективалары жөнінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімет берді. Инфрақұрылым нысандарын, әлеуметтік-мәдени және спорт кешендерін, сондай-ақ қаланың әкімшілік ғимараттарын салу жоспарланған. 

© Photo : Ақорданың ресми сайтыПрезидент Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты
Президент Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты - Sputnik Қазақстан
Президент Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты

Сондай-ақ, президент "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді.

Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көре алады. 

© Photo : Ақорданың ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді

Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылатын болады. Ортағасырлық мешіті бар Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары және басқа да бірқатар нысан толық қайта қалпына келтіріледі. 

Жаңалықтар
0