Өңірлер

Қарағанды тұрғыны автобуспен жүрген әкімді видеоға түсіріп алды

Жазылу
Қала басшысы қоғамдық көлік салонында бір жарым сағат уақытын өткізді

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. 28 қыркүйек күні, жұмыс аптасының соңғы күні Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров автобуста көзге түсті. Бұған таңғалған қала тұрғындары жоғары лауазымыды жолаушыны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялап жіберді. 

Әкімдік қызметкерлері Нұрлан Әубәкіров таңғы сегізде "Сортировка" шағын ауданынан бағдардағы 118-автобуспен жолға шыққанын растады. Бір жарым сағаттан кейін ол соңғы "Оңтүстік-шығыс" автостанциясы" аялдамасынан түскен, деп хабарлады E-karaganda сайты.    

Автобус салоны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысының әкімі орынбасарларын қоғамдық көлікке отырғызды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 1 қазаннан бастап бұл бағыт бойынша автобустардың жүру кестесі өзгереді. Қоғамдық көлік Сортировка мен Майқұдық арасында қатынайды.   

Нұрлан Әубәкіровке автобустардың санитарлық жағдайы мен олардың жүру тұрақтылығын тексеру мақсатында қоғамдық көлікпен жүруді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тапсырған.  

Жаңалықтар
0