Қоғам

Сарапшы 2030 жылы Қазақстан халқының саны қаншаға жететінін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновХалық
Халық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күлекеевтің айтуынша, сыртқы миграция халық санының өсімін тежеп отыр

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. 2030 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді. Бұл туралы бүгін Жұмыспен қамту саласындағы ұлттық сарапшы Жақсыбек Күлекеев айтты, деп хабарлайды тілшісі.

халық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда халық саны қанша болды?

"Соңғы 15 жылда елімізде халықтың өсу қарқыны жаман болған жоқ. Жалпы халықтың орташа жылдық өсімі 1,2 процентті құрады. Ең жоғары өсім Астана мен Маңғыстау өңірінде байқалды. Бұл жерлерде халық саны 15 жыл ішінде 2 есе өсті", — деді Күлекеев парламенттік тыңдауда.

Сарапшының айтуынша, сыртқы миграция халық саны өсімін төмендетіп отыр.

"Ресеймен шекералас 5 аймағымызда әлі де болса халық санының қысқаруы байқалып отыр. Одан бөлек, тағы бір мәселе  — 2012 жылдан бастап сыртқа кетіп жатқан азаматтар саны Қазақстанға келіп жатқандар санынан басым болуы. Яғни сыртқы миграция айналымы теріс болжамға әкеп соғуда. Соның салдарынан халық саны жылына орта есеппен 12-15 мың адамға азайып отыр", — деді ол.

Күлекеевтің болжамынша, 2030 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді.

"2030 жылы халықтың саны 20 миллион 560 мыңға жетуі мүмкін. Бұл тұста Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында халықтың азаюы жалғаса беретінін байқаймыз. 2030 жылға дейінгі мерзімде Шымкент пен Астана қалаларында халық қарқынды өседі. Маңғыстау мен Атырау облыстарында да халық санының өсуі өте жоғары деңгейде болады. Алайда кейбір өңірлерде, соның ішінде Ресеймен шекаралас аймақтарда халық өсімі көңіл көншітпейді", — деді ол.

Жаңалықтар
0