Әлем

Әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілі қыздар қамаудан босатылды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАпалы-сіңлілі Хачатуряндардың ісі бойынша сот отырысы
Апалы-сіңлілі Хачатуряндардың ісі бойынша сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздарға бір-бірімен тілдесуге, интернет пен ұялы телефон қолдануға, сондай-ақ түнде үйден шығуға тыйым салынды

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Мәскеуде әкесін өлтірді деп айыпталған апалы-сіңлілі Хачатуряндар тергеу абақтысынан босатылды.

Хат, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әкесін өлтірген қыздардың бірінің хаты жарияланды

17, 18 және 19 жастағы қыздарға қатысты қылмыстық- процессуальды кодекске енгізілген жаңа бұлтартпау шаралары қолданылды – белгілі бір әрекеттерге тыйым салынды.

Қыздарға түнде тұрғылықты жерінен кетуге, сондай-ақ тергеуші мен жақын туыстарынан басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға болмайды. Апалы-сіңлілерге бір-бірімен сөйлесуге және телефон мен интернетті пайдалануға тыйым салынды.

Бұл тыйым 28 желтоқсанға дейін әрекет етеді, деп хабарлады

Үш апалы-сіңлілі жауыз әкесін өлтірді

 27 шілдеде Мәскеудегі үйдің кіреберісінде мойны мен кеудесінен бірнеше рет пышақталған 57 жастағы адамның денесі табылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Туған қыздарын зорлаған: әкесін өлтірген апалы-сіңлілердің анасы сұхбат берді

 Тергеудің болжауынша, ер адамды үш қызы өлтірген. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, апа-сіңлілердің ең кішкентайы – 11 сынып оқушысы әкесіне пышақпен кем дегенде 35 соққы жасаған, ал үлкендері басынан ұрып-соққан. Қыздардың бірі кіші қыздың қолынан пышақты жұлып алып, әкесінің жүрегіне сұғып алған. 

Күдіктілер кінәсін мойындап, әкесі ұзақ уақыт бойы моральдық тұрғыдан азап шектіргенін айтты.

Тергеу барысында қаза тапқан адамның өз қыздарына "азғын әрекеттер" жасағаны анықталды. Айыпталушылар әкесі құлға айналдырғанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар
0