Қоғам

Терроризммен күрес штабы ескерту жасады: Алматы әуежайында не болып жатыр?

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуежай территориясында оқу-жаттығу өткізу кезінде тыйым салу шаралары қолданылмақ

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Қалалық терроризммен күрес штабының баспасөз қызметі бүгін Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу өтіп жатқанын хабарлады.

Алматы әуежайы маңында ұшақ өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Видео
Алматыда әуежай маңынан шыққан түтін тұрғындардың үрейін ұшырды

"Жаттығудың мақсаты — террористер шабуыл жасағанда қауіп төндіретін объектілерді террористік сипаттағы шабуылдардан қорғау шараларын нығайту. Оқу-жаттығу тапсырмалары әуе транспортында терроризм актісін алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған", — делінген хабарламада. 

Ведомство ақпараты бойынша, оқу-жаттығу кезінде әуежай территориясында және маңында тыйым салу шаралары жүзеге асырылады.

Осы орайда ведомство азаматтардан түсіністік танытып, қозғалыс маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұрады.

Жаңалықтар
0