Өңірлер

Қазақстанда тағы бір студент аяқ астынан көз жұмды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қыз сәрсенбіде қайтыс болды, зертхана зерттеулерінің нәтижесі бірнеше күннен кейін белгілі болады

АСТАНА, 27 қыркүйек— Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында, алдын ала болжам бойынша, менингиттен студент көз жұмды. Он тоғыз жастағы қыз сәрсенбі күні түнде қайтыс болды, дейді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда студент кенеттен көз жұмды – дәрігерлер себебін айтты

"1999 жылы туған қыз 6 қыркүйектен бастап ауырған. Одан суық тию белгілері анықталды. "Қабынба баспа" деген диагноз бойынша емделді. Кейін ол Көкшетауға оқуына кеткен. Кейінірек Солтүстік Қазақстан облысындағы өз ауылына қайта оралады, екі күн үйде болған. Жағдайы нашарлап кеткен соң, оны ауруханаға жеткізген", — деді Бекшин Астанадағы брифингте.

Ол алдымен студентте суық тию, оның ішінде тұмау белгілері болғанын айта кетті. Қыз үйде емделген, осы аптаның басында жағдайы қанағаттанарлық болған.

Оның иммунитетінің төмендеуіне күйзеліс себеп болуы мүмкін, деп толықтырды Бекшин. Оның айтуынша, қыз ауылға оқуын жалғастырғысы келмегендіктен оралған.  

"Қазір зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бес күннен кейін оның нәтижесі бойынша нақты диагнозді береміз. Алдын ала менингит деген болжам жасалып отыр, әзірге расталған жоқ", — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы. 

Айта  кетейік, 24 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика–математика факультетінің бірінші курс студенті Нұрдос Айтпаев көз жұмған болатын. Өлімге күшті әсер ететін препараттан улану себеп болған.    


Жаңалықтар
0