АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Төтенше жағдай Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде болды.
Облыстың ТЖ департаменті жедел-құтқару отрядының жетекшісі Серік Шериязданов Sputnik Қазақстан тілшісіне оқыс жағдайдың 24 қыркүйек күні болғанын хабарлады. 58 жастағы павлодарлық сауда үйі директорының кабинетіне бензин құйылған канистрмен кіріп, өзіне белгілі бір сомадағы ақша беруді талап еткен. Бұдан кейін бензинді кабинетке шашып, кейін директордың үстіне де құймақ болған. Алайда осы сәтте әйел кабинеттен қашып шығып, көмек шақырып үлгереді.
Ер адамның мұндай әрекетке баруына үйі үшін берілген ақшаның аз болуы себеп болған. Ал үйінің орнында қазір сауда үйі тұр.
"Ол жерге өрт сөндірушілер, апат медицина орталығының қызметкерлері, полиция және біздің психолог келді. Сауда үйінің барлық келушісі эвакуацияланды. Ер адам қатты ашуланып, барлығын өртейтінін айтып қорқытты. Онымен келіссөздер сауда үйінің директоры арқылы жүргізілді. Себебі ол сол әйелмен ғана сөйлесуге келісті. Біздің психолог өз кезегінде директорға ер адамның барлық талабымен келісіп отыруға кеңес берді. Осылайша сауда үйінің иесі азаматты барлығы өзі қалағандай болатынына сендірді. Кейін ер адам сабырға келіп, канистрдегі бензин мен қолындағы оттықты полицейлерге берді", — деді Шериязданов.
Інісі өзін өртеп жібермек болған ағасын құтқарып қалды
Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 105-бап бойынша (Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкцияларында кінәліні үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.