Қоғам

Қазақстанда анонимді түрде ақша аударуға тыйым салынбақ

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігі осылайша интернеттегі есірткі саудасына тосқауыл қоймақ

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда анонимді онлайн төлемдерге тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Қуыршақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Есірткі шегіп алған әйел өз қызын қуыршақпен шатастырып өлтірген

"Есірткі интернет арқылы да таралып жатыр. Қазір біз бұған тосқауыл қою үшін жұмыс істеп жатырмыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Бізге және Ұлттық банкке QIWI-әмияндарды алып тастау туралы тапсырма түсті", — деді министр мәжіліс кулуарында.

Қасымовтың айтуынша, қазір Қазақстанда төлем туралы заңға сәйкес анонимді түрде 10 АЕК-ке дейін ақша аударуға рұқсат етіледі.

"Біз мұны дұрыс деп санамаймыз. Есеп айырысқанда барлығының аты-жөні көрсетілуі тиіс. Сондықтан біз интернеттегі анонимді сауданы тоқтатамыз", — деді ол.

Айта кетсек, бүгін мәжілісте "Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

Жаңалықтар
0