Әлем

Он үш жасар бала құрдасын ірімшікпен өлтірді

CC0 / Alexey Klen / Ірімшік
Ірімшік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұм 10 күн комада жатқаннан кейін өлді

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Лондонда жергілікті бұзақы 13 жасар Каранбир Чиманы ірімшікпен ұрып өлтірді. Марқұм баланың жұмыртқа, жаңғақ, бидай, глютен және сүтті тағамдарға аллергиясы болған. Сондай-ақ, ол демікпе және тері ауруының оғаш түріне шалдыққан. Бұл туралы The Times басылымы жазды.

оқушы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда оқушылар 13 адам өлтірді

Ірімшік тигенде оқушының терісі қызарып, қышып, тынысы тарыла бастаған. Жедел жәрдем қызметкерлері жасөспірімді анафилактикалық шоктан арылту үшін барлығын жасады. Алайда оқушы бұл шараларға қарамастан комаға түсті. Осыдан кейін Каранбир Чима ауруханаға жатқызылып, сол жерде 10 күннен кейін өлді.

Оқушыға ірімшік лақтырған бұзақы ұсталды. Бірақ оған ешқандай айып тағылмады. Ірімшікті лақтырған баланың да жасы он үште.

4 мамыр күні Британияның Саннингдейл қаласында жаңғаққа аллергиясы бар 9 жасар оқушы Фредди Джонс өзін шоколад жеуге мәжбүрлегендердің үстінен шағым түсірген-ді.

 

Жаңалықтар
0