АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Лондоннан Ниццаға ұшқан миллионердің қызы ұшақта сэндвич жеп қайтыс болды. Қыздың бұл сэндвич құрамындағы тағамдарға аллергиясы болуы мүмкін. Ойыншықтар шығаратын Wow Toys компаниясының басшысы әрі марқұмның әкесі соттасуға бел буып отыр. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.
Наташа Эднан-Лаперус British Airways бортына отырмас бұрын Хитроу әуежайында сэндвич сатып алған. Мектеп оқушысы сэндвичті жемес бұрын оның құрамында аллергиясын қоздыруы мүмкін тағамдар болмауын жіті тексерген. Алайда күнжіт дәндері нанның құрамында болуы әбден мүмкін.
Бортта қыз баланың жағдайы нашарлап, терісі қызара бастайды. Әкесі оған аллергияға қарсы дәріні үш рет құяды. Бірақ бұл көмектеспей, ақырында жасөспірім жүрегі тоқтап көз жұмды.
Енді марқұмның әкесі Pret a Manger дәмханасымен және Британия тағам индустриясы қауіпсіздігінің басшысымен соттаспақ. Осы аптада тергеу жұмыстары басталады.
Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланды
Надимнің дәмханаға тағар еш міні жоқ. Ол тек азық-түлік сыртында құрамында аллергендер бары туралы ақпарат толық әрі дұрыс жазылса деген ниетте.