АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері дүкенге кіріп 15 мың теңгенің (Ұлттық банк курсының бағамы бойынша 40 доллар) балмұздағын жеп, кейін өзімен бірге тағы ала кеткен бойжеткен ұсталды.
Дүкенінің тоналғанын иесі таңертең көрген, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.
Таңертең жұмысқа келген әйел дүкен ішінің астаң-кестеңі шығып жатқанын көреді. Тауарды тексеріп шыққан соң әйел дүкеннен тек балмұздақтар жоғалғанын анықтайды. Сондай-ақ, көптеген балмұздақтың сырты жерде жатқан. Яғни ұры ешқайда асықпаған сыңайлы. Сол жерде жеп үлгермегеннің барлығын ұры өзімен бірге ала кеткен.
Тәттіні ерекше жақсы көретін ұры дүкен иесін 15 мың теңге шығынға батырды. Полиция қызметкерлері ұрыны шағым түскен соң араға бірнеше сағат салып ұстады.
Ұры лифтіде би билеп жұртты күлкіге қарық қылды
Ақмолалық бойжеткен кінәсін бірден мойындаған. Қазір аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бойжеткен осы қылмысы үшін түрмеге қамалуы мүмкін. Десе де дүкен иесімен келісе алған жағдайда мерзімі шартты болуы да ғажап емес.