Өңірлер

Оралда ер адам тыр жалаңаш серуендеді – видео

CC0 / Denis Azarenko / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалада мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ, 2017 жылдың қаңтарында іш киіммен жүрген жігіт ұсталған болатын

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik.  Оралда желекжолдың бойында ер адам тыр жалаңаш серуендеп жүргенін куәгерлер видеоға түсіріп алды.

Роликтің авторы ер адам алтыншы шағын ауданда, жаңа Арбатта бой көрсеткенін хабарлады. Оның кім екені айтылмаған.   

Айта кетейік, Оралда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 2017 жылы қаңтарда көшеде іш киіммен жүрген жігіт жұрт көзіне түскен болатын. Кейінірек жас жігіттің психикалық ауытқушылығы бар екені анықталды.

Қостанайда осы жылдың шілдесінде 56 жастағы тұрғын жалаңаш жүргені үшін ұсталып, айыппұл салынды. 


Жаңалықтар
0