Саясат

Сенатор Қазақстанда лоббизм туралы заң қабылдауды ұсынды

CC0 / qimono / Соттағы балға үстел үстінде жатыр
Соттағы балға үстел үстінде жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет министрі Марат Бекетаев заң қабылдау үшін көптеген мәселені шешіп, кешенді түрде қарастыру керектігін айтты

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанда лоббизм туралы заң қабылдаудың уақыты келген сияқты деп санайды. Бұл туралы ол жоғарғы палатада өткен заң шығару процесін жетілдіру туралы үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түнде жүрген адам - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұйықтаған күйі біреудің үйіне кіріп кеткен ер адам қайғылы жағдайға ұшырады

"Әр министрлік нақты заң жобасын әзірлегенде, ең алдымен, өз мүддесін көздейтіні түсінікті. Бюджетті талқылау кезінде әкімдіктер өз өңірінің мүддесін депутаттар арқылы "тықпалайды", біз мұны да білеміз. Ұлттық экономиканы дамыту мәселелеріне арналған ірі заң жобаларын талқыға салған кезде, ұлттық компаниялар, қаржы-өнеркәсіптік топтар да қабылданатын шешімдерге ықпал етеді. Бұл да түсінікті. Әйтеуір ерінбегеннің бәрі парламент қабырғасында лоббистік қызметпен айналысады. Бірақ бір қызығы бізде лоббизм туралы заң жоқ. Егер осындай заң болса, біз лоббистік қызметтің неден басталып, неден аяқталатынын анық білетін едік", — дейді сенатор үкімет сағатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысын сынады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов сенатордың ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Айтуынша, лоббистік қызмет туралы заң жобасы парламентке енгізілген.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сенатор Байқоңыр дәрігерлеріне үстемақы төлеуді ұсынды

"Оның тарихы ұзақ. Агенттік өз тарапынан таяуда ғана осы мәселені көтерген еді. Өкінішке қарай, бұл мәселе шешілмей жатыр. Бірақ біздің позициямыз — заңды қабылдау қажет. Сонда біз лоббистік қызмет пен басқа да дүниелердің ара-жігін ажыратып, анықтап алар едік. Біз өз тарапымыздан мұны тек қолдаймыз", — деді Бектенов.

Әділет министрі Марат Бекетаев та сенатордың ұсынысына қатысты пікірін білдірді.

"Бұл қызметті реттеу керек, әрине. Біз әділет министрлігі ретінде, басқа елдердегі арбитражды талқылауларда мемлекет мүддесін көздеген кезде осындай мәселеге тап болған едік…Әсіресе бұл АҚШ-та кең дамыған", — деді министр.

Бекетаевтың айтуынша, заңның нақты қашан қабылданатыны туралы айту қиынырақ, өйткені көптеген мәселені шешіп, кешенді түрде қарастыру қажет.

Жаңалықтар
0