АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. АҚШ-та бұрынғы бапкер Дерек Шихан кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны видеоға түсірді деп айыпталып отыр.
Бостонның федералды сотында америкалық футбол бойынша жастар командасының бұрынғы бапкері Дерек Шиханға жасөспірімді зорлады деген айып тағылды. New York Post ақпаратынша, 42 жастағы Шихан балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты үш бап бойынша айыпталып отыр. Бұған қоса жаттықтырушы өз қылмысын видеоға түсіріп отырған.
Тамыз айында полиция ер адамнан бірнеше сағаттық бейнежазба жазылған электронды құрылғыларды тәркіледі. Видеода Шихан өз үйінде ұйықтап жатқан шәкірттерін зорлаған.
Бұрынғы бапкердің 11 мен 12 жас аралығындағы балаларды бірнеше күн бойы зорлағаны белгілі болды, деп жазады gazeta.ru.
Полиция балалардың бірі болған оқиға туралы айтып берген соң, маусым айында жаттықтырушыға қатысты тексеріс бастады. Жасөспірімнің айтуынша, бұл 2017 жылдың тамызында болған.
Шиханның қандай жаза арқалайтыны әзірге белгісіз.