АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Күзгі күн мен түннің теңесуі кезінде астрономиялық күз басталып және республиканың басым облыстарында кәдімгідей күзгі жауын-шашынды және салқын ауа райы күтіледі.
Мұндай ауа райы Қазақстанға Батыс Сібір аймағынан жылжитын циклон және суық атмосфералық фронттармен байланысты болады.
Тек республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың және жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.