АЛМАТЫ, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк аграрлық секторды қалыпқа келтіріп, Цеснабанк тұрақтылығын арттыру механизмін бекітті.
Алдағы уақытта үкімет банктен 450 миллиард теңгеге ауыл шаруашылық несие портфелін сатып алады деп жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған шарттар мен қаржы институтының несие портфелін жақсартуға көмектеседі.
Бұдан өзге несие мерзімін ұзартып, әртүрлі валютадағы несиені теңгеге аудару механизмі де бекітілді. Бұл агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпорындардың борышы мен валюта бағамының ауытқуына тәуелділікті төмендетеді.
Цеснабанк — "Агробизнес-2020" және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың белсенді мүшесі, ол осы саланың 65 процентін несиелендіреді.