Саясат

Назарбаевтың көмекшісі тағайындалды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызметке "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің бұрынғы директоры тағайындалды

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ғабит Байжанов Қазақстан президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын", — делінген жарлық мәтінінде.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтановтың алдында тұрған міндеттерді айқындады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Астана әкімінің тағайындалуына қатысты: бұл мәселеге зор мән беремін

ҚР президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарып келген Марат Шайхутдинов қызметінен босатылды. Ал "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Сартаевқа "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Күзембек Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Жанат Шаймерденов тағайындалды.

Жаңалықтар
0