АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жектегі жеңісінен кейін екі күн өткеннен соң әлем чемпионы титулынан айырылды.
Головкин Альвареспен рематчта жеңіліске ұшырап, оның WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулері қарсыласына өткен еді, бірақ олардың барлығы бірдей мексикалық боксшыға берілмеді, деп жазды Sports.kz.
Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарнаны төлеуден бас тартқаны белгілі болды, осылайша бұл титул бос қалды. "Канело" WBA Super, WBC әлем чемпионы белбеуін, WBC арнайы белбеуі мен The Ring журналының белбеуін иеленді.
GGG – "Канело" екінші кездесуінде Головкин төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын. Қазақстандықтың бас бапкері Абель Санчес кейінірек үшінші жекпе-жек 2019 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін екенін хабарлады.