АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Өскеменде Есенберлин даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінен 15 жасар қыздың мәйіті табылды.
Оқиға кеше қаладағы 19-шы шағын ауданда болған.
Полицияға жас қыздың қаза тапқаны туралы хабарлама сағат кешкі 21.00-де келіп түскен.
15 жастағы жасөспірім қыздың денесі пәтерден табылып отыр. Оның колледж студенті екені белгілі болды.
"Денесінде зорлық белгілері бар", – деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Алтайньюс агенттігі хабарлағандай, 18 жастағы қала тұрғыны аталған қылмыста жасады деген күдікпен ұсталды. "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.